+7 (727) 267-28-83

Безымянный

20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына сирек мамандық иесі, бар өмірін фотоөнерге арнаған фотожурналист Қалиғұмар Қабдешев өзінің «Суреттерде жартығасырлық шежіре» және «Өмірім мен өнерім» атты жаңа туындыларын сыйға тарту етті. 

Оқырман игілігіне жол тартқан бұл туындылар қазақ өнерінің мәртебесін көтереді және автордың үлкен шеберлігін, азаматтық болмысын танытады. Көпшілік оқырманға арналған бұл туындыларда табиғаттың таңғажайып көріністері, еңбек адамдарының бейнесі, мыңдаған тамаша суреттің авторы болған үлгілі, өнегелі жанның өмірі мен еңбек жолы қызықты баяндалады. Бұл туындылар фотосуретпен айналысатын және соған қызығушылық танытатын жандарға таптырмас құнды дүние болып табылады және оқырманның игілігіне айналары сөзсіз.