+7 (727) 267-28-83

см

22 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында офлайн және онлайн түрде белгілі ғалым, өнер зерттеуші Сағатбек Медеубекұлының «Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары» атты монографиясының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны фарабитанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаев  жүргізді. Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет Қабделхалықұлы ашты.

Ғалым, өнер зерттеуші  Сағатбек Медеубекұлы «Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары» атты монографиясының таныстырлымы аясында «Саз арт» саз сырнай, «Кәусәр» жетігеншілер, «Кертолғау» қыл-қобызшылар ансамбльдерінің музыкалық шығармаларымен  өнер көрсетті.

Сөз сөйлеген қонақтар:  Бақыт Жағыпарұлы, Әсия Махамбетова, Айгүл Ісмақова, Сауле Досжан және т.б.

Онлайн режимде сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов,  ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Ресей, Венгрия, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Якутия, Әзірбайжан музыкатанушылар және т.б.

Іс-шара аясында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Сағатбек Медеубекұлы» атты  кітап және мерзімді басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Монография таныстырылымына отандық және шетелдік (Ресей, Венгрия, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Якутия, Әзірбайжан) фарабитанушы, музыкатанушы белгілі ғалымдар мен өнер зерттеушілер, қоғам  қайраткерлері, белгілі  қаламгерлер  мен журналистер, танымал этно-фолклорлық ансамбльдер мен өнер жұлдыздары, сондай-ақ ақпараттық қолдау көрсететін БАҚ өкілдері қатысты.

см1   см2
см3   см4