+7 (727) 267-28-83

НҚ

23 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда  жазушы, жамбылтанушы, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлының «Жамбыл және жастар» атты шығармашылық кеші және «Кек», «Жер жүрегі» кітаптарының тұсаукесері, сондай-ақ, қазақ ақыны, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған 10 томдық «Жамбыл Жабаев» жинағының және 30 томдық «Жамбыл әлемі» жинақтарының тұсаукесері өтті.

 

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының  директоры  Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова  ашып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және  спорт министрі  Ақтоты  Райымқұлованың  арнайы құттықтауын оқып Н. Қапалбекұлына табыстады.

Кешті ақын-жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттiк «Дарын» сыйлығының лауреаты, ҚР Журналистер академиясының академигі Нұржан Қуантайұлы жүргізді.

Көрнекті ақын,  Мемлекеттік сыйлықтың лаураты, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет құттықтау сөз сөйлеп авторға «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

Шығармашылық кеште филология  ғылымдарының докторы, Абай  атындағы  Қазақ ұлттық университетінің профессоры Темірхан Тебегенов Нағашыбек Қапалбекұлының  өмірі мен шығармашылығы туралы  баяндама жасады.

Жаңа кітаптардың қию рәсіміне: 10 томдық «Жамбыл Жабаев» жинағының және 30 томдық «Жамбыл әлемі» жинақтарына - Бақытамал Оспанова, Ұлықбек Есдәулет, Әскербек Абаев, Серікбай Нұрғисаев, Нұрлан Ертас; «Кек» роман кітабын- Нұрдәуле Ақыш, Хангелді Әбжанов, Мұсабек Әлібеков. «Жер жүрегі» кітабына- Қуандық Түменбай, Тахир Балықбаев, Алтынбек Қоразбаев қатысты.

Сөз сөйлеген қонақтар:  белгілі тарихшы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының  академигі, тарих ғылымдарының докторы Хангелді  Әбжанов, қоғам қайраткері Әскербек Абаев, әл-Фараби  атындағы  Қазақ ұлттық университетінің  профессоры, тарих ғылымдарының докторы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі  Берекет Кәрібаев, М.Әуезов атындағы  Әдебиет және  өнер  институтының  бас ғылыми қызметкері, филология  ғылымдарының докторы, Қазақстанның  еңбек  сіңірген қайраткері, жазушы Нұрдәулет Ақыш және т.б.

Кеште Түркиядан, Өзбекстаннан, Чувашиядан, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректорынан келіп жеткен құттықтаулар мен  жеделхаттар оқылды.

Іс-шара аясында «Сүйінбай сазы» ансамблінің әншілері Әнуар Сембаев пен Нұртай Есболат «Бір ел болса» және Айжан Нүсіпжанова «Алғыс» атты әндерін шырқады.

Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Жыр алыбы - Жамбыл» және «Жамбылтанушы, қаламгер, қайраткер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, әдебиетшілер, жамбылтанушылар, сондай-ақ БАҚ өкілдері және т.б.

НҚ1   НҚ2   НҚ3
НҚ4   НҚ5   НҚ6