+7 (727) 267-28-83

фк

20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітаханасының 3-қабатында «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан авторлары қоғамының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы - 30» атты фотокөрменің ашылуы өтті.

Шараның ұйымдастыру комитеті: «Фотоөнер» ҚБ төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы; «Фотоөнер» ҚБ төрағасының орынбасары Оңғарбек Алхаров; «Фотоөнер» ҚБ төрағасы ШҚО-дағы филиал жетекшісі Мерей Қайнар; «Фотоөнер» ҚБ Алматы филиал жетекшісі Досжан Балабекұлы.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: «Қазақстан Авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрайымы Балнұр Қыдырбек, Қазақстан фотожурналистикасының ардагері, Халықаралық журналистер ұйымының мүшесі Қалиғұмар Қабдешев, белгілі актер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстан Авторлары  қоғамы» РҚБ Бас директоры Байғали Есеналиев, әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, философия ғылымдарының докторы Алтаев Жақыпбек, Қазақстан фотожурналистикасының ақсақалы, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистикасы мен фотоөнерінің қайраткері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің фотожурналисі  Нұрманбет Қизатұлы, фотограф Жеңіс Ысқабай, фотоөнер қоғамдық бірлестігінің президенті Асылхан Абдраим.

Қатысушылар: фотожурналистер,  сондай-ақ БАҚ өкілдері және т.б.

Көрмеге еліміздің егемендік алғаннан бергі тарихи оқиғаларын, ұлттық салт-дәстүрді, өңірлердегі тіршілікті назардан қалт жібермеген үздік фотожурналистердің туындылары қойылды.

Шараның мақсаты – егемен ел ретіндегі отыз жыл ішінде фотосуретшілердің объективтеріне ілінген мемлекеттік, қоғамдық, саяси және рухани маңызы бар сәттер мен оқиғаларды келер ұрпаққа шежіре түрінде қалдыру болып табылады.

Фотокөрмеге ұсынылған әрбір құнды суреттен халқымыздың азаттық алған жылдағы «ақ түйенің қарны жарылған» қуанышынан бастап, оны қалыптастырудағы сан қатпарлы жұмыстар мен сезімді селт еткізер сәттерді көрермен бір күнде тамашалап шығуына болады.

Көрмеге ұсынылған 100-ге жуық туынды авторларының қатарында қазақстандық фотографияның абыз тұлғалары саналатын Иосиф Будневич, Рахымбай Ханалы, Мұрат Мәмбетов, Нұрғожа Жұбанов, Жүнісбек Пайызов, Сиез Бәсібеков, Дендербай Егізов, Сайлау Пернебаев, Қалиғұмар Қабдешұлы, Анатолий Устиненко, Есімхан Орынбаев, Болат Омаралиев, Нұрманбет Қизатұлы, Жақсылық Тұрлыбеков, Берсінбек Сәрсенов, Шүкір Шахай, Юрий Беккер, Қайрат Мұстафин,  Айтжан Мұрзанов және бүгінгі жас буын өкілдерінен Ерлан Омаров, Жеңіс Ысқабай, Мақсат Шағырбай және т.б. талантты азаматтардың еңбектері қойылды.

фк1   фк2   фк3
фк4   фк5   фк6