+7 (727) 267-28-83

201215 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына  орай «Арыс» баспасынан жарық көрген құжатты хроника «Желтоқсан. Декабрь. 1986.» атты кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті. 

Кітапты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы  құрастырған.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып,  филология ғылымдарының докторы, Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің меңгерушісі Ғарифолла Әнес жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар:  Хангелді Әбжанов,  Марат Тоқашбаев, Бейбіт Қойшыбаев, Хасен Қожахметов, Нәбижан Мұхаметханұлы, Қалила Омаров, Амалбек Тшанов,  Құсман Шалабаев және т.б.

Қатысушылар: ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, желтоқсан оқиғасына қатысушылар, сондай-ақ БАҚ өкілдері және т.б.

20121   201211
201212   201213