+7 (727) 267-28-83

жо

13 желтоқсан ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қорының қолдауымен «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтті.

Бас демеуші: «Кентау Трансформатор зауыты»

Мүшәйраның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу, тарих тағылымдарына тағзым ету, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру мен құндылықтарын ұлықтау, қазіргі қазақ әдебиетінің әлеуетін көтеру және насихатын арттыру.

Қазылар алқасының шешімімен М.Мақатаев атындағы бас жүлдені Әбубәкір Қайран, Т.Айбергенов атындағы бірінші орынды Бауыржан Бабажан, Қ. Мырза-Әлі атындағы екінші орынды Аян Нысаналин мен Т.Молдағалиев атындағы екінші орынды Заида Елғонды, үшінші үш орын: Ғ.Қайырбеков атындағы жүлдені – Қуат Дәуренұлы, Ж.Нәжімеденов атындағы жүлдені – Жұмабай Құлиев, Ф.Оңғарсынова атындағы жүлдені – Батырлан Сағынтаев иеленді.

Сонымен қатар, Қ.Шаңғытбаев атындағы жүлде – Нүсіпбай Әбдірахымға, Т.Бердияров атындағы жүлде – Айжарық Әбілқасымға, С.Жиенбаев атындағы жүлде – Мейрамбек Әбдіқалиевке, Қ.Бұғыбаева атындағы жүлде – Шаттық Қыстаубайға, Ө.Нұрғалиев атындағы жүлде – Досбол Исламға, Р.Ниязбек атындағы жүлде – Роза Сейілхан, Ж.Бөдешұлы атындағы жүлде – Тұрдыақын Айдарханұлына, Ж.Жақыпбаев атындағы жүлде – Ержан Алаштуғанға, Ж.Әбдіраш атындағы жүлде – Құрманғазы Жұмағұлға, К.Мырзабеков атындағы жүлде – Әлібек Шегебайға қаржылай тапсырылды.

жо1   жо2   жо3   жо4
жо5   жо6   жо7   жо8