+7 (727) 267-28-83

1комп

13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына белгілі журналист-жазушы Табеев Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы «Қарағайдың қарсы бұтағы» атты жаңа туындысын сыйға тарту етті.

Кітап сүйер қауымға жол тартқан бұл туындының бас кейіпкері, Желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбековке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Жарлығымен «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілуіне де бұл кітаптың ықпалы тигендігі және де сол бодан елдерді темір құрсауда ұстаған кеңестік тоталитарлық жүйенің озбырлығына қарсы ұрандап шыққан басқа да желтоқсандық қыз-жігіттердің күрделі тағдырын қоса баяндайды. Сонымен қатар, автор шығарма мазмұнын ашу барысында құпия деректер мен архивтік мол құжаттар топтамасына сүйенген. Кітап болашақ ұрпақ үшін құнды тарихи дүние болып табылады және оқырманның игілігіне айналары сөзсіз.

1комп1   1комп2