+7 (727) 267-28-83

10ж

10 желтоқсанда ZOOM платформасында бейнебайланыс арқылы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар – әдебиет әлемінде» аймақтық онлайн тәжірибелік конференциясы өтті.

Аталған конференцияда ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ажар Хамитқызы Юсупова құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, конференция жұмысына Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшысы Н.К. Мыңжас, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана басшысы Б.Ж. Шагиева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Н. Жанбершиева, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар жазушысы және Жазушылар одағы басқармасының жанындағы балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы Н.Б.Ақыш, балалар жазушысы К.Ә.Нұғыманова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны, педагогика ғылымдарының докторы Р.Н.Наурызбаева, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, балалар ақыны О.С. Қосанов, Ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Мерей Қарт, балалар ертегілерінің жазушысы А.А. Берік және т.б.қатысты.

Конференцияға қатысушылар балалардың кітап оқуын қолдау, балалар әдебиетінің әлеуеті және ұлттық дәстүрлі құндылықтар жүйесін сақтау жөнінде пікірлерін білдірді.

10жел   10желтоқсан