+7 (727) 267-28-83

комп

7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымының докторы, профессор және елімізге танымал ақын, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Зұфар Сейітжанұлы «Бәйтерек» атты екі томдық жыр жинағын сыйға тарту етті.

 

Оқырман игілігіне жол тартқан бұл жинаққа әрі ғалым, әрі ақын З. Сейітжанұлының  терең сырлы, жалықпай оқылатын тұнық ойлары мен мүлтіксіз әдемі суреттелген соңғы жылдарда жазылған өлеңдері, поэмалары енгізілген. Бұл жаңа жинақ барша жырсүйер қауымға арналады.