+7 (727) 267-28-83

меніңағаларым7 желтоқсанда Н. Дәулетова атындағы залда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай белгілі ғалым, ұстаз, физика ғылымдарының докторы, профессор, публицист Досан Баймолданың «Көз көрген асыл ағаларым» атты қазақ ұлтының мақсат-мүддесі жолында өзіндік ерекше қасиеттерімен жадында сақталған ағалары туралы естелік кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның мақсаты – қазақ елінде және шетелде өмір сүріп жатқан қазақтар арасында өзінің ұлты, діні, тілі, тарихы, салт-дәстүрін биікке қойып, осы жолдағы күресте ерекше қасиеттерімен дараланған асыл ағалардың айтқан сөздерін, ұлтының болашақ тағдыры жөніндегі кеңестерін   ұрпақ есінде қалдыру.

Іс-шараны ғалым, педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім академиясының академигі Балтабай Әбдіғазиұлы жүргізді. ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет ашты. 

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Талғат Мамашев, Смағұл Елубаев, Сұлтанәлі Балғабаев, Халел Нұрке.

Сөз сөйлеген қонақтар: Сұлтанәлі Балғабаев, Талғат Мамашев, Смағұл Елубаев, Ақбөпе Мақұлбекова, Қайрат Құлмұхаммед, Күлзира Бөкейханқызы, Айсұлу Тайжан, Эльмира Ақдәулетова  және т.б.

Іс-шара соңында жаңа кітап ҚР Ұлттық кітапханасына және құрметті қонақтарға, қатысушыларға сыйға тартылды.

Қатысушылар: зиялы қауым, БАҚ өкілдері және т.б.

меніңағаларым1   меніңағаларым2   меніңағаларым3
меніңағаларым4   меніңағаларым5   меніңағаларым6