+7 (727) 267-28-83

комп

2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Алексей Тиваненконың «Жоғалған патшалықты іздеу: Меркіт тайпасының құрдымға кетуі» атты кітабын орыс тілінен аударған Ержан Әбзалқанұлы сыйға тарту етті.

Оқырман игілігіне жол тартқан бұл  ғылыми-көпшілік сипаттағы кітапта Байкалдың арғы бетіндегі XI-XIII ғасырларда Шыңғыс ханның моңғол әскерлері жойғанға дейін Орта Азиядағы тәуелсіздік үшін жан аямай күрескен меркіттердің тайпалық одағының болғаны туралы баяндайды. Бұл туындының тарихты зерттеушілер мен археологтарға таптырмас құнды дүние болып табылады және оқырманның игілігіне айналары сөзсіз.