+7 (727) 267-28-83

1jpg30 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінде өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Тұғыры биік, рухы асқақ, ұлттың ұлы тұлғасы – Елбасы" атты облыстық ғылыми–тәжірибелік конференцияға қатысты.

Іс-шараны "Алматы облысының білім басқармасы" ММ қарасты Облыстық ғылыми-әдістемелік дамыту орталығы ұйымдастырды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы тарихи рөлі, жаһандық және тарихи кезеңдегі әртүрлі халықаралық бастамаларды көтеруі, елдегі бейбітшілік пен әлеуметтік келісім саясатын ілгерілеткенін түсіндіру.

Конференцияға "Қазақстан кітаптары" қызметінің жетекшісі М.Б.Жарқналова және Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің жоғары дәрежелі кітапханашысы Н.Т. Матаева, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, педагог К. П. Кемелбекова, "Атамекен" тарихи-мәдени орталығының мамандары және Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында "Қазақстан кітаптары" қызметінің жетекшісі М.Б. Жарқналова "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері ҚР Ұлттық кітапханасының қорында" атты баяндамасын оқып, Елбасының  Ұлттық кітапхана қорындағы қазақ, орыс және әлем халықтары тілдеріндегі еңбектерін слайд арқылы ұсынды.

ҚР Ұлттық кітапханасы Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің кітапханасына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің еңбектері, қызмет ету кезеңі туралы жаңа кітаптар сыйға тартты. Колледж басшысы Б.Б. Алтаев сыйға берілген кітаптар үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

2jpg   3jpg