+7 (727) 267-28-83

зум30

30 қарашада Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханадағы келелі іс: Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшылары мерейтойларының аясындағы ІІІ-Дәулетова оқулары» атты онлайн конференция өтті.

Аталған конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Қ.Оспанова мен Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова, сондай-ақ, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының, Ресей Федерациясымен шекаралас кітапханалардың, ҚР облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық кітапханаларының басшылары мен кітапханашылары, Н.Қ.Дәулетованың туыстары және кітапхана ісінің ардагерлері қатысты.

Конференцияның мақсаты – кітапхананың дәстүрлі құндылықтар жүйесін сақтаудағы және замануи, цифрлық, ақпараттық қоғамды дамытудағы рөлін ашу.

Конференция барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова құттықтау сөз сөйлеп, Г.А.Маханбетова «2021 жылдың үздік жас кітапханашысы» республикалық байқауының қорытындысы туралы айтты.

зум3011   зум30112021