+7 (727) 267-28-83

консервация24-26 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары Д.Е. Жұрманов пен Ш.Қ. Нұрғазы ҚР мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында қағаз дайындау негіздері бойынша оқытудан өтті.

Шеберлік сабағын Германияның астанасы Берлиннен келген қолдан  қағаз жасаушы Гангольф Ульбрихт  өткізді.

Азия мен Еуропада қағаздың пайда болу тарихы бойынша теориялық,  сондай-ақ,  азиялық және  еуропалық  қағазды дайындау бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді. Шеберлік-сабаққа қатысушыларға арнайы  сертификаттар берілді.

консервация1   консервация2