+7 (727) 267-28-83

restavracia

26 қарашада  Қазақстан Республикасының  Ұлттық  кітапханасы  Қалпына келтіру және түптеу қызметінің қызметкерлері Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы (Нұр-Сұлтан қ.) өткізген «Қазақстандағы жазба мұраларын қалпына келтіру және сақтау мәселелері» атты онлайн форматтағы конференцияға қатысты.

Қызмет жетекшісі, х.ғ.к. Б.Ш.Сәрсенбаева  «Қазақстан Республикасының Ұлттық  кітапханасы Қалпына келтіру, консервация  және түптеу қызметінің жұмысы және  даму перспективалары туралы» баяндама жасады.

Конференция құжаттық жазба мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне арналды. Конференцияға Қазақстанның мұрағаттары, мұражайлары мен кітапханаларының өкілдері қатысты. Материалдарды пайдалану, консервациялау және қалпына келтіру жабдықтарын сатып алу, кадр мәселесі және т.б. өзекті мәселелер қозғалды. Құжаттарды қалпына келтіру бойынша 3 виртуалды шеберлік-сыныптары өткізілді.