+7 (727) 267-28-83

К1

16 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай жазушы, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Бейсенбай Сүлейменовтiң балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сырлы Әлем» таңдамалы жинағы, «Хан шатырдан – Күн шатырға саяхат!» тарихи-танымдық ертегі-романы, сонымен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, түрлі-түсті безендірілген «Горилла-адам», «Туған күніңмен, Айтұмсық!» ертегі кітаптарының тұсаукесері өтті.

 

Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында балалар әдебиетінің маңызы жөнінде: «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан, қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн. Оған сұраныс жоғары», - деп атап өткен болатын. 

Іс-шараның мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, кітап оқуға, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру.

Қаламгердiң әр туындысы оқиғасының орамдылығымен, оқырман жүрегiне төте жол табуымен  ерекшеленiп тұрады. Жазушының «Кечуа тайпасының үндiстерi», «Бес ғасыр атылмаған садақ», «Қуанышты күн», «Тентектер», «Хан шатырындағы кездесу», «Күннен келген адам» кiтаптары балаларды ертегілер әлеміне, ерлікке, отансүйгіштікке, шынайы достыққа жетелейді.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет ашып, белгілі сатирик, Президент сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Клара Қабылғазықызы, Дүйсен Мағлұм, Құдияр Біләл.

Сөз сөйлеген қонақтар: Нұрдәулет Ақыш, Клара Қабылғазықызы, Арман Қалбеков, Жақсылық Жүнісов, Талғат Айтбай, Дүйсен Мағлұмов, Ғани Смаханұлы.

Іс-шара соңында жаңа кітап ҚР Ұлттық кітапханасына және құрметті қонақтарға, қатысушылар мен оқушыларға сыйға тартылды.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мектеп оқушылары, журналистер қауымы және т. б.

К2   К3   К4
К5   К6   К7
К8   К9   К10