+7 (727) 267-28-83

комп

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Өзбекстан Жазушылар одағы Қазақ әдебиеті кеңесінің мүшесі, ақын Өмірзақов Үсен Дауылбайұлының «Жүрегімнің қалдырам қазынасын» атты туындысын ақынның жары Ұлдар Жолдасова сыйға тартты.

Жинақта қаламгердің көзі тірісінде жарияланбай қалған «Елес пе, белес пе?!» атты мемуарлық романы, өмірінің соңғы кезінде алынған сыр-сұхбат, естеліктер, баспасөз беттеріндегі мақалаларымен қатар бұрын жарық көрген жинақтарынан, сондай-ақ, таңдамалы өлеңдері оқырман қауым назарына ұсынылып отыр. Жинақ барша оқырман қауымға арналған.