+7 (727) 267-28-83

Д1111 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің көрнекті қайраткерлері – Б.А.Нұржанов, Б.І.Исенғалиев, Д.Ә.Бердәлиев, С.Х.Жаданов, Ж.Н.Нәдір, Ә.Б.Дербісәлі, Х.Р.Омаров  және В.Х.Ғиззатов сынды дипломаттарды еске алуға арналған отырыс, сондай-ақ «Қазақстан дипломаттар бірлестігі» РҚБ мүшелерінің кітаптарын ҚР Ұлттық кітапханасының қорына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет ашып, «Қазақстан дипломаттар бірлестігі» РҚБ филиал жетекшісі Нұрмағамбетов Мақсат Әбдібекұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуез, Асқар Шоқыбаев, Ислам Жеменей, Қайрат Исағалиев, Рүстем Құрманғожин, Рахима Еспембетова, Жауғашты Нәбиев,  Тілеухан Қабдрахманов, Әділет Құмар және т. б.

Іс-шара соңында қатысушылардың назарына ҚР дипломатиялық қызметінің ардагерлері мен еңбек сіңірген қайраткерлерінің естеліктерін цифрландыруға және көрсетуге бағытталған «Жанды мұра» атты қоғамдық тарихи-мұрағат жобасы ұсынылды. 

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының қорына жаңа кітаптар сыйға тартылды. 

Қатысушылар: РҚБ мүшелері – ҚР дипломатиялық қызметінің ардагерлері, шетелдік дипломатиялық миссиялардың қызметкерлері, атап айтқанда Алматы дипломатиялық клубының мүшелері, қоғам және БАҚ өкілдері.

Д111   Д112   Д113
Д114   Д115   Д116