+7 (727) 267-28-83

Қонаев

4 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдық мерейтойына дайындық аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Д.А.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабын қайта басып шығаруға арналған дөңгелек үстел өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты - жастар арасында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тұлғасын насихаттау.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, ғалым,  техника ғылымдарының кандидаты, «Экология» халық академиясының академигі, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті Қонаев Эльдар Асқарұлы жүргізді.

Алғашқы сөз Қазақстанның Халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түркітанушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы Сүлейменов Олжас Омарұлына берілді.

Сондай-ақ, шара қонақтары: Мүсілімбай Дайырбеков, Серік Әбдірахманов, Сәбден Оразәлі, Балташ Тұрсынбаев, Дәулет Әбенов,  Көлбай Адырбекұлы, Роза Саурамбаева, Әсен Сүлейменова, Бақытжан Қанапиянов және т.б. сөз  сөйледі. 

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қорына кітаптары сыйға тартылды және  қатысушыларға табысталды. 

Қатысушылар: мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақындар мен жазушылар, студенттер және т. б.

Қонаев1   Қонаев2   Қонаев3
Қонаев4   Қонаев5   Қонаев6
Қонаев7   Қонаев8   Қонаев9