+7 (727) 267-28-83

КАО

3 қарашада Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында «Қазақстан авторлары қоғамы» РҚБ мен Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі және «Қазақстан Республикасы Рестораторлар клубының қауымдастығы» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты еңбек жағдайын жақсартуға, отандық авторлардың, авторлық құқық иелері мен пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Дөңгелек үстелді белгілі актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстандық авторлары қоғамының бас директоры Есеналиев Байғали Мақұлбекұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар:  Балнұр Қыдырбек, Гүлнар Қатибаева, Байғали Есенәлиев, Вячеслав Бородин, Максим Золотухин, Шаяхмет Алжамбай, Ұшқын Жамалбек, Асылхан Әбдірайымұлы.

Іс-шараға ҚР Бас прокуратурасының, «Нұр-Отан» партиясының, «Атамекен» КҰП, ҚР Әділет министрлігінің, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ қазақстандық рестораторлар, авторлар, орындаушылар және фотографтар қатысты.

КАО1   КАО2   КАО3   КАО4
КАО5   КАО6   КАО7   КАО8