+7 (727) 267-28-83

конфе

20-22 қазан күндері Орал қаласында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 150 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың  орны» атты халықаралық конференция өтті.

Аталған конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Оспанова мен  Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Ф.Қ.Бектұрбекова қатысты.

Шара аясында 20 қазан күні олар Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына жұмыс сапармен барып, кітапхана ұжымымен кездесті.   

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Оспанова мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Д.Мұңалбаева Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, еліміздегі қазіргі кітап оқу мәселесі мен кітапхана ісінің жағдайы туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде  «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алушы студенттерге  дәріс өткізді.

Б.Оспанова мен Ү.Д.Мұңалбаева кешке «AQJAIYQ» облыстық телеарнасының тікелей эфирінде  «Час вопроса» хабарына қатысты.

21 қазанда «Атамекен» өнер ордасында  Халықаралық конференцияның салтанатты ашылуы Қазақстан кітапханалары баспа өнімдерінің кітап көрмесімен танысудан басталып, пленарлық отырысқа жалғасты. Жиынды М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы жүргізді.

Қатысушыларға арнап Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев; Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Сайран Темірғалиұлы  Дүйсенов және т.б. құттықтау сөз сөйледі.

Ұлттық кітапхана директоры Б. Оспанова «Қазақстан кітапханалары – ұлт мәдениетінің мерейі, руханият бастауы» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, Ү.Д.Мұңалбаева «Қазақстан Республикасының кітапханалық саясаты: келешегі мен басымды бағыттары» тақырыбында сөз сөйледі.

Конференция аясында Б. Оспанова «Ақжайық» облыстық телеарнасына республика кітапханалардың жағдайы туралы сұхбат берді.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы конференцияның құрметті қонақтары – Б.Оспановаға, Ү.Д.Мұңалбаеваға және «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.К.Иманқұловаға ел мәдениетін өркендету жолындағы еңбектері үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Халықаралық конференция бағдарламасы барысында «Ақжайық қаламгерлері» атты ашық сұхбат және Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан ОӘҒК-да ХХІ аймақтық «Жұбан оқулары» байқауы, сондай-ақ, «Облыстық кітапхана Тәуелсіздік жылдарында» жинағының тұсаукесері өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасының дирекоры Б.Оспанова кітапхана ісін  дамытуға айрықша үлес қосып жүрген және ұзақ жылғы еңбектері үшін бірқатар сала мамандарын «Қазақстанның құрметті кітапханашысы»; «Кітапхана ісінің үздігі»; «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерімен марапаттады.

Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, ақындар, кітапхананың жанашыр достары  А. Нәріковке, М.Х.Шүйіншәлиеваға және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Мұсаұлы Қамбетовке алғыс хаттар табыстады.

Сайтта

Қазір сайтта 258 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.