+7 (727) 267-28-83

22Орал

22 қазанда «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты халықаралық конференция аясында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Кітапхана мұражайының ашылу салтанаты болды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Б.Қ., «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.К.Иманқұлова және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Нәріковтер мұражайдың лентасын қию рәсіміне қатысты.

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 150 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты халықаралық конференция «Қазақстан кітапханаларындағы өзекті мәселелер және олардың даму перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен аяқталды. Бұл қорытынды шараны Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы жүргізді. Сондай-ақ, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.К.Иманқұлова, Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы С.Т.Дүйсенов және т.б. қонақтар мен қатысушылар сөй сөйлеп, конференцияның ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

22Орал1   22Орал2   22Орал3   22Орал4
22Орал6 22Орал5     22Орал7   22Орал8