+7 (727) 267-28-83

конфе

21 қазанда Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 150 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты Халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Конференция Қазақстан Республикасы кітапханалары баспа өнімдерінің кітап көрмесімен танысудан басталып, пленарлық отырысқа жалғасты. Модераторы: Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы.

Конференцияда: Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының және Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева; Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Сайран Темірғалиұлы Дүйсенов құттықтау сөз сөйледі.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова «Қазақстан кітапханалары – ұлт мәдениетінің мерейі, руханият бастауы» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева «Қазақстан Республикасының кітапханалық саясаты: келешегі мен басымды бағыттары» тақырыбында сөз сөйледі.

конфе1     конфе2  
конфе3     конфе4