+7 (727) 267-28-83

комп

14 қазан күні ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі Батырбекова Гульнара Мүштайқызы еліміздің Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Қазақстан Жоғары мектебі және ғылымы ХХІ ғасыр тұлғалары» атты кітаптың кезекті 5-ші томын сыйға тартты.

Көрнекті еңбек Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҰОС-ның ардагері, «Қазақстан Жоғары мектебі және ғылымы ХХІ ғасыр тұлғалары» кітабының негізін қалаушы, әкесі Батырбеков Мүштай Батырбекұлының еңбегінің жалғасы.

Бұл кітапта қазақстандық және әлемдік ғылымның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан жоғары мектеп ғалымдары мен педагогтардың еңбек жолдары мен өмірбаяндары кеңінен ұсынылған.

Г.М. Батырбекованың бұл еңбегі туған тарихын қастерлейтін барлық адамдар үшін баға жетпес сый! Ұлттық кітапхана оқырмандарының жоғары сұранысына ие болатын құнды мұра!

комп1

 

Сайтта

Қазір сайтта 282 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.