+7 (727) 267-28-83

Ашықесіккүні

15 қазан, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің Р. Бердіғалиева атындағы Кітапханатану залында «15 қазан – Алматы қаласы кітапханаларының күні» мерекесіне орай Алматы қаласындағы «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алушы оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Қош келдің, жас маман!» атты Ашық есік күні өтті.

Шараның мақсаты – кітапханашы мамандығының беделін арттырып, оның өзіндік ерекшеліктерін насихаттау арқылы кітапханалардағы кәсіби кадрлардың жетіспеуішілігін жоюға ықпал жасау, олардың бойына келешекке деген сенім ұялату.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова мен директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова құттықтау сөзбен ашып, болашақ мамандарға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі, білікті әдіскер Г.А.Маханбетова да қатысушыларды құттықтап, алдағы уақытта тек биік белестерді бағындырып, жақсы маман иелері болуларына тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасындағы ардагер-кітапханашы Жарқналова Мадина Баянқызы, ұжымдағы белсенді жас кітапханашы мамандар: Абылкаирова Айханым мен Әшімжан Үміт сөз сөйлеп, өздерінің осы мамандықты таңдау жолын қысқаша әңгімелеп берді.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз хатшысы Т.Орманбеков пен Ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Р.Қ.Мыспаева жүргізді. Қатысушыларға ән-жырдан шашу шашылып, тартымды ұйымдастырылған викториналық сұрақтар мен тренинг кеш көркін қыздырды.

Қатысушы студенттер – болашақ кітапханашылар да өз өнерлерін ортаға салып, үлкен белсенділік танытты. ҚР Ұлттық кітапханасының атынан оларға кітаптар сыйға тартылып, айрықша өнер көрсеткен жастар алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шараның соңы экскурсияға ұласып, студенттер Ұлттық кітапхананың құрылымдық бөлімдерімен таныстырылды.

Аек5   Аек   Аек2
Аек1   Аек4    
Аек3   Аек6