+7 (727) 267-28-83

Салем1

12 қазанда Көкшетау қаласында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» директорының ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша орынбасары Жанат Төлегенұлы Сексенбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруінің «Кітапхана ісі» бағыты бойынша өтетін шеберлік сағатын ашық деп жариялады.

Ашылу салтанатына Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы қатысты.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы аталған шараға қатысқан аудандық ОКЖ директорларына сәттілік тілеп, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлын «ҚР Ұлттық кітапханасының 110 жылдығы» төсбелгісімен марапаттады.

ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы «Қазақстан Республикасы кітапханаларында Web-РАБИС бағдарламасын енгізу: жетістіктер мен даму болашағы» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді.

Салем2   Салем3   Салем5
Салем4   Салем6