+7 (727) 267-28-83

Сөз және бейне

9-10 қазан күндері Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайда Ресей бірлестігінің қолдауымен Мәскеудегі гуманитарлық білім және тестілеу институты ұйымдастырған «Сөз және бейне» орыс өнері мен әдебиеті тарихына арналған тәрбиелік іс-шаралар сериясының ашылуы өтті. Шараға ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Барманашева Ж., Аширова Ф., Шамишова Г. және Мухарам А. қатысты.

Бағдарламада дәрістер, шығармашылық кездесулер, музыкалық-поэзиялық кеш форматындағы іс-шаралар және пікірталас болды. Ресейлік делегация құрамында суретшілер, музыкалық топтардың солистері, әдебиеттанушылар, өнертанушылар, мұражай мамандары, қосымша білім беру жүйесінің мұғалімдері болды. Дәріс циклының соңында қазақстандық мамандарға сертификаттар берілді.

Іс-шаралар аясында музыкалық және бейнелеу өнері, халық мәдениеті бойынша әдебиеттер шығаратын Ресейдің жетекші баспасы болып табылатын «Суретшілер одағы» баспасы кітаптарының тұсаукесері өтті. «Суретшілер одағы» баспасынан Ресейдің өнері мен мәдениеті туралы кітаптар ҚР Ұлттық кітапханасының қорына табысталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы сыйға тартылған кітаптар үшін Ресей гуманитарлық білім беру және тестілеу институтына алғыс білдіреді. Вячеслав Заренковтың симфониялық оркестр партитатурасы болып табылатын «Бүркіттер мен адамдар» әңгімесі негізіндегі балет – «Орр және Ора» кітабын сыйға тартқан автор, орындаушы, музыкант, радио жүргізушісі Михаил Крыловқа ерекше алғыс білдіреді.

Мәдениет пен өнер бойынша алынған, 23 дана көлемінде әдебиеттер, музыкалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтар сұранысқа ие болады және мұғалімдерге, музыкалық оқу орнындарының студенттеріне, сондай-ақ кәсіби және жас музыканттарға пайдасы зор.

сөз және бейне1   сөз және бейне2
сөз және бейне3   сөз және бейне5