+7 (727) 267-28-83

Көкшетау

12-14 қазан аралығында Көкшетау қаласында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» жанындағы республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығы дәстүрлі «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруін өткізді.

Аталған шараға қатысу үшін барған ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Қ.Оспанова, директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиева, Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетовалар бүгін М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жұмысымен танысып, әріптестерге әдістемелік көмек көрсетті.

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлына Қазақстандық Кітапханалық Одақ аясында Ұлттық кітапханада басып шығарылатын «Кітап және Кітапхана» кәсіби басылымы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» ұсыныстық библиографиялық көрсеткіші, Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл Жабаев» ұсыныстық библиографиялық көрсеткіші, С.Зимановтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Зиманов Салық Зиманұлы» биобиблиографиялық көрсеткіші сыйға табысталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған аталған жоба аясында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың аудандық кітапханалар меңгерушілеріне арналған шеберлік сағаттары өтеді деп жоспарлануда.

Көкшетау1   Көкшетау2   Көкшетау3
Көкшетау4   Көкшетау5