+7 (727) 267-28-83

АШ

6 қазан күні ҚР Ұлттық кітапханасының қорына саясат ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Ержан Исақұлов пен араб, парсы, көне шағатай тілдерінің маманы Зәріпбай Оразбайдың «Шыңғыз хан» атты оқырмандардың жоғары сұранысындағы құнды кітабы сыйға тарту етілді.

Кітапхананың қалың оқырман қауымына бұл құнды тарихи кітапты «Қазына» кітап дүкенінің директоры Алмас Шайкен табыс етті. Бұл еліміздің тарихын толықтыратын тың туынды моңғол әлеміне қатысты сенімді дерек саналатын атақты Рашид-ад-Диннің «Жамиғ-ат-тауарих» еңбегіне сүйене отырып жазылған. Аталмыш кітапта құнды ортағасырлық деректер, моңғол әлемінің этнодемографиялық тарихы жайлы мәліметтер жинақталған. Бұл кітапта Шыңғыс хан империясының этносаяси және этномәдени мұрагерлерінің бірі қазақ халқы екені айтылады. Сондай-ақ туынды қазақтың рухани жаңғыруына ықпал етіп, өскелең ұрпақ үшін пайдалы әрі құнды дүниеге толы.Тарихи шындықты қалпына келтіруге талпынған сүбелі туындыға әркімнің қызығушылығын тудыратыны анық, нақты түсінікті тілмен жазылған. Қазақ тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан қорытуға мүмкіндік беретін осындай ғылыми кітаптарды жазып,қалың оқырманға ұсынған авторлар: Ержан Исақұлов пен Зәріпбай Оразбайға ҚР Ұлттық кітапханасының атынан ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз.Сіздерге зор денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.