+7 (727) 267-28-83

СБ11111

5 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қанат қаққан «Атамекен» ақпараттық-танымдық бірлескен экспедициясын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға «Egemen Qazaqstan» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айбын Шағалақ, журналист Қали Сәрсенбай, белгілі жазушы, журналист Жүсіпбек Қорғасбек және тағы басқалар қатысып «Атамекен» ақпараттық-танымдық бірлескен экспедициясын қорытындылады.⠀

Іс-шарада «Egemen Qazaqstan» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айбын Шағалақ экспедиция сапарының Алматыда межеленуінің символдық мәні барын атай отырып, осы бастамаға қолдау көрсеткен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы әкімдіктеріне қос газеттің атынан ризашылық білдірді.

Баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Атамекен» экспедияциясына көрме қойылды.

Сб3   сб1   сб2
сб4   сб6  
СБ222222   сб5