+7 (727) 267-28-83

3томдық

28 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті О.Досбосынов атындағы ақындар орталығының жинақтауымен жарыққа шыққан қазақ айтыс өнерінің оғыланы Оразалы Досбосыновтың үш томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Құрмет Қарабаев ашып, сөз кезегін ақын, «Қазақ» және «Шалқар» радиосы Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жалғады.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: Жүрсін Ерман, Мақтағали Бектемесов, Бақыт Беделхан, Дүйсен Мағұлұмов.

Сөз сөйлеген қонақтар: ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, әдебиеттанушы ғалым, педагог Темірхан Тебегенов, «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі Серік Қалиев, қазақтың айтыскер ақыны Ринат Зайытов, сонымен қатар ақынның туыстары, ет-жақын бауырлары, әріптестері және т.б. ақын өмірі туралы естеліктермен бөлісті.

Іс-шара аясында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі дәстүрлі әнші Нұржан Жанпейісов Оразалы ақынның ең сүйікті әнін орындады. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің екінші курс студенті Аружан Иосифова Оразалы ақынның өлеңін оқыды. О.Досбосынов атындағы ақындар орталығының жас ақындары Бекжан Базарбек пен Алтынай Қанапия айтысты.

Жаңа кітап ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылды және қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, бауырлары, әріптестері және т.б.

3т1   3т2   3т3
3т7   3т8   3т5
3т6   3т2   3т9