+7 (727) 267-28-83

зум28

28 қыркүйек, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының онлайн-форматта ұйымдастырған «Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференцияда отандық тарихтың өзекті мәселелері: шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихының мазмұнына тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер, ұлттық мемлекеттердің қысқаша тарихын шығарудағы халықаралық тәжірибе, Қазақстандағы 1921-1922, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың аз зерттелген беттері, Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері және т. б. тақырыптар талқыланды.

Конференцияға тарихшылар, Қазақстан және Ресей ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар мен жас ғалымдар қатысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан онлайн-конференция жұмысына «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б. Жаркналова мен топ жетекшісі Қ. Н. Қасымбекова, сондай-ақ Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі Л. Б. Абдрахманова қатысты. Олар Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған кітапханадағы жыл сайын өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді. 

зум2809