+7 (727) 267-28-83

Қазақр

27 қыркүйек күні «Қазақ радиосына» 100 жыл және «Шалқар» радиосына 55 жыл толуына орай ҚР Ұлттық кітапханасының фойесінде «Алматыдан сөйлеп тұрмыз...» атты радионың ғасырлық тарихынан сыр шертетін көне құжаттар мен суреттер көрмесі ашылып, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Көрмені ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова салтанатты түрде ашып, әрі қарай «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісі, ақын Бақыт Жағыпарұлы көрмеде ұсынылған радионың даму тарихын бейнелейтін көне жәдігерлер және экспонаттармен таныстырды.

Іс-шараға радио ардагерлері, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Дәстүрлі және эстрада әншілері Р.Стамғазиев, Н.Жанпейісов, Т.Әбуғазы, Б.Бекмағамбетов, Д.Мұратхан, Г.Такежанова, А.Ниязова, А.Ушманбетова, Л.Мұратқызы және т.б әннен шашу шашты.

ҚР27   100ҚР   ҚР110
100ҚР   100ҚР27   100ҚРадиосы
ҚР100   ҚР10027   қазақрадиосы1