+7 (727) 267-28-83

Азия

27 тамызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына – 30 жыл толуына орай белгілі қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменовтың қатысуымен «Жерге табын, адамзат!» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараның модераторы белгілі журналист, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті Жандәулетов Валерий Айтмұқашұлы.

Дөңгелек үстелде мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, ғалым, Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-академигі, Қазақ Ұлттық аграрлық университетеінің ректоры Есполов Тілектес Исабайұлы, белгілі журналист, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі Шалахметов Ғаділбек Мінәжұлы және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ардагерлері Олжас Сүлейменовке жылы лебіздерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ Олжас Сүлейменов жаңа шыққан еңбектерін ҚР Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына – 30 жыл толуына орай О. Сүлейменов «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ардагерлерін және ҚР ҰҒА-академигі Т.И. Есполовты «Халықаралық Невада – Семей Антиядролық қозғалысының 30 жылдығы мерекелік медалімен» марапаттады.

Шараға Невада-Семей» антиядролық қозғалысының ардагерлері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Азия2   Азия3   Азия6
Азия7   Азия5   Азия1
Азия4   Азия88

 

Сайтта

Қазір сайтта 546 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.