+7 (727) 267-28-83

замзагул

Өнер бөлімінің оқу залында көрнекті театр актрисасы Зәмзәгүл Шәріпованың 90 жылдығына арналған «Қазақ театрының «Қаракөзі –Зәмзәгүл Шәріпова» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова (31.08.1931 - 14.07.2018 ж.) - Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген көрнекті театр актрисасы. Қазақ КСР-нің халық әртісі (1966). Отан, Құрмет және Халықтар достығы ордендерінің иегері. ҚР мемлекеттік степендиясының лауреаты.

З. Шәріпова 1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап "Қазақфильм" студиясында және Қазақ радиосында қызмет етіп, дубляж бен радиоқойылымдарға қатысты. 1953 ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет етіп, актерлік диапазоны кең актриса ретінде ұлттық драматургия мен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса бейне сомдады.

З. Шәріпованың Қазақ мемлекеттік академия драма театрында алғаш ойнаған рөлдерінің бірі - Ә.Әбішевтің «Кім менің әкем?» атты драмасындағы Лағыл (1957). Кейіннен Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов, "Ақан-Сері - Ақтоқты"), Айман (М.Әуезов, «Айман-Шолпан»), Айжан (С.Мұқанов, "Шоқан Уәлиханов"), Дездемона (Шекспир У.Шекспир, «Отелло») сияқты арулар бейнесін жасап, лирикалық сезім-бояуы мол актриса екенін көрсетті. Әсіресе, Шәріпованың шығармалық өнер ғұмырнамасында Қарагөз (Әуезов, «Қарагөз») рөлі үлкен орын алады. Кинодағы рөлдері Нұржамал («Өжет қыз», 1955), Дина («Біз осында тұрамыз», 1957), Хадиша («Өмір жолы», 1961), Прокурор («Шыңдағы шынар», 1965), Қарлығаш (Абай» телефильмі, 1976), Бәлзия («Заман-ай», 1997) және т.б. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.

Кітап көрмесінің мақсаты көрнекті театр актрисасының шығармашылығын насихаттау.

Көрмеге З. Шәріпованың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар қойылды.

Кітап көрмесіне шақырамыз!