+7 (727) 267-28-83

BinashevҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова және директордың орынбасары Н.А. Искалиева мүсінші Т.М. Бинашевтің шеберханасында болды.

9 тамыз күні ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Ресей көркемсурет академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан көркемсурет академиясының академигі, «Өнер ордасы» шығармашылық бейнелеу өнері бірлестігінің жетекшісі, мүсінші Тілеуберді Мелдешұлы Бинашевтің шеберханасына барды.

Сапар барысында өнер иесінің қолынан шыққан туындыларға экскурсия жасалып, автормен кездесу ұйымдастырылды.

Өз кезегінде Тілеуберді Мелдешұлы Бақытжамал Қайырбекқызын ұлттық мәдениетке және өнерге деген жанашырлығы үшін Алғыс хатпен марапаттап, жылы лебізін білдірді.