+7 (727) 267-28-83

АД

Өнер бөлімінің оқу залында суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелхановтың 70 жылдығына арналған «Жаңа ғасыр суретшісі - Ағымсалы Дүзелханов» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Өнер бөлімінің оқу залында қазақстандық суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелхановтың 70 жылдығына арналған «Жаңа ғасыр суретшісі - Ағымсалы Дүзелханов»  атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.                                                        

Ағымсалы Дүзелханов 1951 жылы 19 тамызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 жылы В.И. Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрлары бойынша еңбек етеді.

Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітапты безендірген. «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Оғыз хан», «Көроғлы»  және т.б. кескіндеме туындыларының, сондай-ақ Абылай хан, Әбілқайыр хан, Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би, Қорқыт және т.б. портреттер сериясының авторы.

А. Дүзелханов Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996), Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (2003). Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, ҚР білім беру ісінің үздігі.

Суретшінің туындылары Қазақстанның және шет елдердің өнер мұражайларына қойылған.

Кітап көрмесінің мақсаты - суретшінің туындылары мен шығармашылығын таныстыру және дәріптеу.  

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған, соның ішінде автордың «Көркемсурет станоктік графика, кітап безендіру, постерлер суреттер, нобайлар, эскиздер» альбомы, А. Дүзелханов қаламынан көркемдік тапқан әр жылдарда шыққан қырықтан аса балаларға арналған Ж. Сымақовтың «Тамшы», М. Жалиловтың «Бұршақ»,

Д. Шварцтың «Мен ауырғанда ойнамаймын», Р. Шотбаеваның «Алып» және т.б. көптеген кітаптармен  таныс боласыздар. 

Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!