+7 (727) 267-28-83

метод22

22 шілдеде Ғылыми-әдістемелік қызметінің топ жетекшісі Г.Т. Рахимжанова және «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы С.Т. Райымбекова С. Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында өткен «Бірге оқиық» онлайн форматындағы әдеби сағатқа қатысты.

Кездесу барысында Г.Т. Рахимжанова бұл акцияның 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын және оның мақсаты қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау екенін атап өтті. С.Т. Райымбекова О.Жандосов атындағы оқу залында ұйымдастырылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» тақырыбындағы тұрақты кітап көрмесі туралы қысқаша ақпарат берді. Көрмеге қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы үздік авторлардың 30 шығармасы мен танымал әлемдік, отандық авторлардың аудармалары қойылған.