+7 (727) 267-28-83

БАС

25 маусымда Н.Дәулетова атындағы залда қазақтың белгілі ғалымы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қайраткері, Оксфорд Университеті Сократ комитетінің «Ғылымдағы есім» құрметті атағының иегері Жомарт Әшімұлы Қарабаевтың «АҚ АУРА ЖАСАМПАЗДЫҒЫ» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашып, қазақстандық тележүргізуші, продюсер, «Телемастерлік Production House» телекомпаниясының негізін қалаушы Ақышев Серік Мұхамбедияұлы жүргізді.⠀

Белгілі ғалым, профессор Жомарт Әшімұлы Қарабаев жаңа басылымымен таныстырды.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: Б.И.Мұсабаев, Э.М Қарабаев, Қ.М. Мұхатайқызы.⠀

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР еңбек сіңірген архитекторы, кітап авторының сыныптасы Нарынов Сәкен Жомартұлы, журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі Алпартегі Жексен, академик К.У. Медеубеков атындағы Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Мұсабаев Бақытжан Ибраимұлы, ҚР ҰҒА академигі Мелдебеков Әлихан Мелдебекұлы, кітап авторының қарындасы Абраева Гүлнар Мәдениетқызы, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы, Мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісін зерттеу институтының бас директоры Тәжиев Қадырбай.

Іс-шара аясында Жомарт Әшімұлы Қарабаевтың немересі Айша Абай шығармаларынан скрипкада попурри орындады.

Іс-шара соңында Автор өз қолтаңбасымен кітаптарын қатысушыларға сыйға тартты.

Қатысушылар: белгілі ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері.

БАС1   БАС2   БАС4
БАС5   БАС7   БАС8
БАС6   БАС9   БАС3