+7 (727) 267-28-83

ДАу

24 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда 22-24 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында ұйымдастырылған «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі аясында Министрліктің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Мәжілісті Қазақконцерт жанындағы Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығының менеджері Алданазаров Ержан Жарылқасынұлы жүргізді.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы ашты.

Сөз сөйлеген қонақтар: «Қазақконцерт» МКҰ» директоры Жеңіс Сейдуллаұлы, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директорының орынбасары Мырзалиева Зауре Шайзадақызы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Студенттермен және түлектермен жұмыс бөлімінің бастығы Әденова Алтынай Күмісбекқызы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің Музыкалық білім беру кафедрасының меңгерушісі Құсайынова Гүлзада Әнуарқызы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры м. а. Кәбиева Тұрсынгүл Қойшыбайқызы, Қазақ Ұлттық хореография академиясының бірінші проректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы және т.б.

Қатысушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылық құрамы, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларының басшылары, өңірлік халық шығармашылығын дамыту орталықтарының, филармониялар мен концерттік ұйымдардың директорлары, министрлікке бағынысты ЖОО ректорлары, министрліктің бастамасымен құрылған республикалық орталықтардың басшылары.

СЕД4   ДСЕ   СЕД3
СЕД1   СЕД2   ДСЕ1