+7 (727) 267-28-83

СалемЕлорда

23 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда 22-24 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі аясында ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Мəдениет комитетінің төрағасы орынбасары Сейітова Күміс Қарсақбайқызы мәдениет саласындағы заңнама мәселелері бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Еліміздің барлық өңірінің үздік орындаушыларын жұмылдыратын «Сәлем, Елорда!» республикалық өнер шеруі былтыр Нұр-Сұлтан қаласында бастау алып, биыл Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өткізу жоспарланған.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың өнері мен мәдениеті күндері үлгісінде ұйымдастырылған өнер шеруінің мақсаты - өңірлердің өнері мен мәдени жетістіктерін кеңінен насихаттап, озық үлгідегі орындаушыларды дәріптеу. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, биылғы республикалық маңы-зы бар мерейтойлар мен жергілікті атаулы даталарды қамту. Сондай-ақ, өңірлердің мәдениет салалары арасындағы өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту аталмыш жобаның негізгі нысанасы болып табылады.⠀

Шеберлік сабағына қатысушылар: филармониялар және концерт ұйымдарының директорлары.

СЕ1   СЕ2   ОС3
СЕ3   СЕ5   СЕ7