+7 (727) 267-28-83

ОАзия

21 маусым, сағ. 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залда «Орталық Азиядағы геосаяси процестердің даму бағыты және Қазақстан: аймақтық тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелері» атты ғылыми конференция өтті.

Іс-шараны Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің басшысы Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы ашып, журналист, «The Qazaq Times» порталының сарапшысы Естай Божан жүргізді.

Шара барысында аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты проблемалар талданып, оның шешу жолдары мен аймақтағы өзекті мәселелерге байланысты отандық мамандардың ортақ пікірі қарастырылды.

Офлайн: саясаттанушы, Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының зерттеушісі Өмірбек Қанай, журналист, «The Qazaq Times» порталының сарапшысы Естай Божан.

Онлайн: доктор, профессор, Мугыла Сытқы Кошман атындағы Университетінің кафедра меңгерушісі, Орталық Азия жөніндегі сарапшысы Сердар Илмаз (Түркия), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Аймақтану кафедрасының докторанты Қанат Қақар (Нұр-Сұлтан) және т.б. өзара пікір алмасты.

Конференцияны жазушы, «The Qazaq Times» ақпараттық, қоғамдық-саяси порталының бас редакторы Қойшыбек Мүбарак қорытынды сөзбен аяқтады.

ОАзия1   Оазия5
ОАзия2   Оазия4   Оазия6