+7 (727) 267-28-83

Ихсан

22 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапта рухани тәрбие негізі болып табылатын Ихсан ілімі жайлы сөз қозғалады. Мұсылманның тұлғалық тәрбиесі, қоғам алдындағы әдебі аят-хадистермен қатар нақты мысалдар арқылы көрсетіледі және көркем мінез бен әдептілікке ұмтылудың рухани қағидалары қамтылады.

Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан қари құран оқыды.⠀

Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жүргізді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа басылымымен таныстырды.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал, ғалым, профессор, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат ордені» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Аслы Осман, жазушы, кинодраматург, философия ғылымдарының докторы Тұрсын Ғабитов, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, прозайк Мұратәлі Нұржан Раушанұлы.

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал, Алматы қ. Мәдениет басқармасының басшысы Майлибаев Ғани Айдарұлы, ғалым, профессор Аслы Осман, жазушы, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елубай Смағұл Абатұлы, профессор, Діни басқарма жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Шамшәдин Тұрсынұлы, Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасы қорына жаңа кітап сыйға тартылды және қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар, имамдар және т. б.

Ихсан1   Ихсан2   Ихсан3   Ихсан6
Ихсан4   Ихсан5   Ихсан7   Ихсан8