+7 (727) 267-28-83

сандық

21 маусымда директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиева Бішкек қаласында онлайн форматта өткен "Сандық дәуірдегі кітап және оқу" II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Н.А. Искалиева "Оқитын Қазақстан – оқитын ұлт. Қазақстандағы оқу проблемаларын сипаттайтын "ҚР Ұлттық кітапханасының жобасы", жас ұрпақты оқуға тарту бойынша Ұлттық кітапхананың қызметі және "Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы" өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді.⠀

Конференцияны ұйымдастырушылар өңіраралық кітапханалық ынтымақтастық орталығы, ЮНЕСКО-ның "Барлығына арналған ақпарат" бағдарламасының Ресей комитеті, Ұлттық кітапхана және Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі.

Конференцияға ТМД елдерінің кітапханаларының, мұражайларының, театрларының, баспаларының, қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ саясаткерлер, жазушылар мен журналистер қатысты.