+7 (727) 267-28-83

метод

14-17 маусым аралығында Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы Мыспаева Р.К. ҚР Ұлттық кітапханасының қорына түскен мерзімді басылымдардың жаңалықтары туралы кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері үшін библиографиялық шолу өткізді.

Раушан Құмарбекқызы кітапханашыларды «Кітап және Кітапхана», «Вестник БАЕ», «Библиотека», «Библиография и издание», «Книжная индустрия», «Молодые в библиотечном деле», «Научные и технические библиотеки», «Библиотечное дело» кәсіби журналдарында жарияланған өзекті тақырыптар мен мақалалармен таныстырды.

Сондай-ақ, мамандар жұмыс орындарындағы кітапханашылардың кәсіби және эмоционалды күйзеліс мәселесі бойынша ресейлік журналдарда жарияланған материалдармен танысты. Онда баяндалған теориялық білімді өз бетінше зерделеу және оларды тәжірбиеде қолдану жөнінде ұсыныстар берілді. Іс-шара психологиялық тренингпен аяқталды. Әріптестер Р. К. Мыспаеваға шолуды ұсынудың қызықты форматы үшін алғыс білдірді.

метод1   метод2