+7 (727) 267-28-83

Ә1

15 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда белгілі кинопродюсер Әлия Уәлжанова мен кинотанушы Гүлнар Әбікееваның «Профессия – продюсер #чашка_кофезамиллион» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітап продюсер шеберлігіне арналған Қазақстандағы алғашқы басылым, онда фильмдер мен сериалдарды шығару мен ілгерілетудің қазақстандық тәжірибесі көрініс  тапқан.

Кітаптың идеясы осыдан бірнеше жыл бұрын Әлия Уәлжанова  Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да сабақ беріп жүрген кезде студент-продюсерлерге арналған фильмді түсіру бюджетін жасау, қаржыландыруды іздеу, келісім-шарттар жасасу, құқықтың өзара байланыстарды реттеу сияқты мәселелер бойынша ақпарат беретін толық-қанды басылым жоқтығын түсінген кезде пайда болды. Сондықтан продюсердің «Сталинге сыйлық», «Жажүрек мың бала» фильмдерінде, «Еуразия келбеті» деректі сериалында, «Арман қала», «Жас Ұлан», «Жаным», «Ұлжан» ойын сериалдарында және басқа да көптеген жобалардғы үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісуге шешім қабылдады.

Кинотанушы Гүлнар Әбікеева кинофестивальдерге, питчинг алаңдарына және фильмдерді ілгерілету мәселелеріне арналған тарауларын жазып, кітапқа өз үлесін қосты. Қазіргі  заманғы  қазақстандық  киноүдерісі Г. Әбікееваның 2005-2019 жылдар аралығында БАҚ-да жарияланған  «Кино жылнама қорытындысы» жинақталған  кітабтың соңғы тарауында да көрініс тапқан.

Кітаптың тағы бір ерекшілігі – Қазақстандағы продюсерлік істің негізін қалаушылардан бастап, осы кәсіптің ең жас өкілдері: Максим Смағұлов, Ораз Рымжанов, Сайын Ғабдуллин, Лимара Жексембаева, Сергей Азимов, Гүлнар Сәрсенова, Жадыра Сахиева, Ернар Мәліков, Ақан Сатаев және Ахат Ыбыраевқа дейінгі продюсерлердің портреттері ұсынылған.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып,  белгілі кинотанушы Гүлнар Әбікеева жүргізді.  

Белгілі кинопродюсер Әлия Уәлжанова жаңа басылымымен таныстырды.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар:  Әлия Уәлжанова және Гүлнар Әбікеева.

Сөз сөйлеген қонақтар: Д.Белкина, С.Ғабдуллин, Г.Сәрсенова,  С.Азимов,

С. Рымжанова, Өмірбаев Д.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапхананың қорына жаңа кітап сыйға тартылды және  қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: өнер және кино қайраткерлері т. б.

Ә4   Ә6   Ә8
Ә5   Ә10   Ә3
Ә7   Ә9   Ә2