+7 (727) 267-28-83

генереал 316 дивизия

Мерзімді басылымдар оқу залында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының даңқты қаһармандары, аты аңызға айналған Панфиловшылар дивизиясының 80 жылдығына арналған «Панфиловшылар - ерлік пен батылдықтың үлгісі» көрмесі ұйымдастырылды.

Мерзімді басылымдар оқу залында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының даңқты қаһармандары, аты аңызға айналған Панфиловшылар дивизиясының  80 жылдығына арналған «Панфиловшылар - ерлік пен батылдықтың үлгісі» көрмесі ұйымдастырылды.

316-атқыштар дивизиясы 1941 жылы Алматы қаласында Қазақстан мен Орта Азия тұрғындарының әскери қызметшілерінен жасақталды. Дивизияны генерал-майор Иван Васильевич Панфилов басқарды. Кеңес Одағы Қарулы күштерінің тарихында тек екі дивизия ғана командирлерінің есімімен аталды. Бірінші Азамат соғысынан кейін Чапаев дивизиясы, ал Ұлы Отан соғысында 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы командир Панфиловтың есімімен аталды. Дивизия командир мен солдаттардың жаппай ерлігінің үлгісі ретінде Екінші дүниежүзілік соғысының тарихында қалды.

1941 жылғы тамызда Панфилов дивизиясы жауынгерлік жолын Новгород түбінен бастап, кейіннен Волоколамск бағытына ауысты. Бір ай бойы дивизия бөлімдері өз позицияларын ұстап қана қоймай, жылдам қарсы шабуылмен үздіксіз шабуылдар жүргізіп, жаудың 2 танкісін, 29 моторлы, 11-ші және 110-шы жаяу дивизияларын, барлығы 9000-ға дейін неміс солдаттары мен офицерлерін, 80-нен астам жаудың танк және басқа да қару-жарақ техникасын талқандады. Шайқастағы еңбегі үшін 316-шы атқыштар дивизиясы алғашқылардың бірі болып 8-ші гвардиялық дивизия атағын алды.

1941 жылғы қарашада Москва үшін шайқаста дивизия 28-панфиловшылардың ерлігімен танымал болып, соғыстың ең жарқын символына айналды, бұл Ұлы Отан соғысындағы ең ірі шайқастың бірі болды. Дубосеково разъезіндегі шайқаста дивизия тек қана 28 сарбаз болғанына қарамастан, 1075 атқыштар полкінің 4-ротаның 2-взводы жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Осы шайқаста Панфиловшылардың барлығы қайталанбас батылдық пен ерліктің үлгісін көрсетіп, қаза тапты. Панфиловшылар дивизиясы Москва жанындағы Волоколамск бағытында жаудың болат құрсанған машинасына төтеп берді, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. Осы шайқаста жаудың миномет оқтарынан дивизия командирі И.В. Панфилов қаза тапты.

Панфиловшылар дивизиясы шығынға батып, одан әрі ұрыс жолы қиындай түсті, бірақ даңқ атағы өрлей берді. 1942 жылдың басында басқа бөлімшелермен бірге СС «Мёртвая голова» дивизиясына қарсы шайқасқа қатысты. 1943 жылы дивизия Калинин майданының құрамында болды. 1944-45 жылдары Балтық жағалауындағы шайқастарға, 1945 жылы Курляндия жау тобына қарсы операцияларға қатысты. Соғыстан кейін дивизия Эстония аумағына орналастырылып, 8-ші гвардиялық моторландырылған атқыштар дивизиясы болып ауыстырылды.

Қазіргі кезде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясы Қырғызстан Республикасы Қарулы күштерінің құрамында. Бішкек қаласында Панфиловшылар дивизиясының 70 жылдығына орай реквием-митинг өтті. 1941-1945 жылдардағы дивизияның жауынгерлік туы Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған «Біз - жеңістің мұрагеріміз» атты республикалық эстафетаның атрибуты болды және ол еліміздің 24 қаласында өткізілді.

Панфиловшылар дивизиясының жауынгерлері ордендермен, медальдармен марапатталды және көпшілігіне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Б.Момышұлы, В.Клочков, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров, И.Курганский, И.Шапшаев, А.Косаева, М.Сенгирбаев, А.Крючков, Я.Бондаренко және т.б. Олардың есімдері мектептерге, ауылдарға, аудандарға, көшелерге, саябақтарға берілген, батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражайлар ашылған.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан алынған 1941 жылдан бастап мерзімді басылымдар және кітаптарда жарияланған Панфиловшылар дивизиясы туралы материалдар, естеліктер, суреттер, әңгімелер, ТМД елдерінің ақын-жазушыларының өлеңдері  ұсынылған.

                                              Барлығыңызды көрмеге шақырамыз!