+7 (727) 267-28-83

1Кітап палатасы

XVIII "Искусство книги" байқауы

10 - 11 маусым күндері сағ. 14.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап Палатасының ұйымдастыруымен Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Кыргыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының қатысуымен ТМД мемлекеттері арасында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан "Искусство книги" байқауының кезекті XVIII-ші қорытынды жиналысы өтуде.

Биыл байқауға Қазақстан Республикасы төрағалық етеді. Төраға міндетін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов атқарады.

Төраға басшылығымен өтіп жатқан жиналысқа байқаудың қазылар алқасы ретінде аталған мемлкеттердің өкілдері қатысуда.

Нұрғиса Мұратұлы бастаған қазақстандық тарап байқау қатысушыларымен онлайн түрде кездесіп, ұсынылған кітаптарды талдау жүргізуде.

1Кітаппалатасы   1кітаппалатасы1   1КП