+7 (727) 267-28-83

ифла

25 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Орталық Азия бойынша ИФЛА/PAC орталығы, М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы, ТМД және Шығыс Еуропа үшін IFLA/PAC орталығы «Кітаптардың биозақымдалуы: алдын алу, айқындау, өңдеу және қорғау әдістері» атты халықаралық семинар өткізді. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті.

Іс-шара шеңберінде қорлардың сақталуын қамтамасыз етудің негізгі принциптері, атап айтқанда, биологиялық зақымданудың алдын алу және жою мәселелері қарастырылды; биосынамаларды анықтау және анықтаудың негізгі тәсілдері көрсетілді; кітаптарды дезинфекциялық өңдеудің стандартты әдістерін және олардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері талданды; микроорганизмдерді жою үшін арнайы өңдеудің өзектілігі туралы мәселе зерделенді.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және т.б. елдердің құжаттарын сақтау саласында жұмыс жасайтын мамандары  қатысты.

ифлапак   ифлапак1