+7 (727) 267-28-83

1сертификат

17-21 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары: Ғ.Абдрахманова, М. Ивахина, С. Кәкімова, А. Төлешова, Ж. Хажымұқан тағылымдамадан өтті.

Каталогизатор мектебінде мамандар WEB-RABIS автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық бағдарламасының «Қорды толықтыру», «Каталогизатор», «Оқырмандарды тіркеу», «Іздеу және тапсырыс беру», «Құжаттарды беру» модульдерімен жұмыс істеу дағдыларын алумен бірге құжаттарды каталогтау және индекстеу; библиографиялық жазбаларды түзу; электрондық түрде жарияланған мақалаларды іріктеу және сипаттау, толық мәтінді ресурстардың дерекқорын қалыптастыру, электрондық каталогты редакциялау және т.б. бойынша тәжірибе алды.⠀

Сонымен қатар, М. Жұмабаев атындағы Ақмола ОӘҒК мамандары құжаттық мұраны сақтау саласындағы заманауи үрдістер, кітап көрмелерін ұйымдастыру және кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетудің түрлерімен және кітапханалық жұмыстың инновациялық формаларымен танысты.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. К. Оспанова тыңдаушыларға тәжірибелік курсты аяқтағаны туралы Сертификаттар табыс етті.

2сертификат   3сертификат
4сертификат   5сертификат